Ауғанстан энергетика саласына инвесторлар тартуды жоспарлап отыр
2022 жылғы 20 маусым 18:00

Ауғанстан энергетика саласына инвесторлар тартуды жоспарлап отыр

КАБУЛ. ҚазАқпарат – Ауғанстанның Энергетика және су ресурстары министрлігі электр энергиясын өндіру бойынша 16 жобаны анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ariana News агенттігіне сілтеме жасап.

Министрліктің өкілі Мавлави Ахтар Мохаммад Насраттың мәлімдеуінше, 16 жобаның 12-сі жылу және күн энергетикасына тиесілі. Ұсыныстар қаржы тарту үшін отандық және Ресей, Иран, АҚШ, Қытай және Түркиядан келген шетелдік инвесторларға берілді.

Қазіргі уақытта Ауғанстан көрші елдерге электр энергиясы үшін жылына шамамен 250 миллион доллар төлейді. Ислам елінде бірнеше гидроэлектростанциялардан, қазбалы отын электр станцияларынан және күн электр станцияларынан барлығы 600 мегаватт (МВт) электр энергиясы өндіріледі. Қосымша 670 МВт Иран, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстаннан импортталады.

Айта кетейік, маусым айының басында билік Ауғанстанның Герат қаласына оттегі мен мақта фабрикаларын салу үшін 4 миллион доллар инвестиция тартқан болатын.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT