Аустрия мен Германия уақытша көмір пайдалануға көшіп жатыр
2022 жылғы 21 маусым 09:01

Аустрия мен Германия уақытша көмір пайдалануға көшіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропада «жасыл» энергетикаға өту баялауы мүмкін. Аустрия мен Германия газ тұтынуды және Ресей Федерациясынан жеткізілімді азайту мақсатында уақытша көмір ЖЭО-ға оралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Аустрия билігі екі жыл бұрын жұмысын тоқтатқан Меллахтағы көмір электр станциясын қайта ашуды жоспарлап отыр. Аустрияда Ресей газының үлесі импорттың 80%-ын құрайды.

«Біз осы электр станциясын көмірмен жұмыс істеуді қалпына келтіру үшін қайта жабдықтаймыз. Егер тұтынуды толықтай қамтамасыз ету, жеткізілімде үзілістер болса, онда осы станцияны қайтадан пайдалануға болады. Сондықтан қазір шешім қабылдау маңызды. Қалай болғанда да, техникалық жаңартуға, дайындыққа бірнеше ай қажет», - деді Аустрияның қоршаған орта министрі Леоноре Гевесслер.

Германия 8 шілдеден бастап көмір электр станцияларын уақытша белсенді пайдалану туралы заң жобасын қабылдамақ. Экономика министрі Роберт Хавбек жағдай күрделі екенін және қыста тапшылық болдырмас үшін энергия тұтынуды азайтып, жерасты газ қоймаларын толтыру керек екенін айтты.

«Жасыл» Хабек өкілінің айтуынша, көмірге қайта оралу - бұл қатты қажеттіліктен туындап отыр.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT