03.04.2023 21:41 ШҚО-да жер үйде өрт шығып, 91 жастағы кейуана көз жұмды ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында жер үйде өрт шығып, 91 жастағы кейуана көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.04.2023 21:28 Алматыда 15 мыңға жуық бала қызылшаға қарсы екпе алмаған АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қызылша жұқтыруға қатысты тіркелген 91 жағдайдың 73-інде сырқат зертханалық жағдайда расталды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.04.2023 21:16 Бес ай бұрын жоғалған екібастұздықтың денесі су каналынан табылды ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Екібастұз қаласында 5 айдан астам уақыт бұрын із-түзсіз жоғалған 35 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
03.04.2023 19:33 Құйынды жел ғимараттар шатырын ұшырды: Қордайда төтенше жағдай жарияланды ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданында бірнеше күнге жалғасқан қатты жел 3 мектеп пен 1 балабақшаның шатырын ұшырып әкетті. Алдын ала есеп бойынша шығын көлемі – 99 млн теңге. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай мәлім етті.
03.04.2023 18:09 Серік Күдебаев ресми пунктер арқылы Қазақстан шекарасынан өткен жоқ – ҰҚК АСТАНА. ҚазАқпарат – Серік Күдебаев Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан ресми жұмыс істеп тұрған бекеттер арқылы өткен жоқ. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
03.04.2023 17:26 Қанат Сухамбеков Алматы қаласы Қаржы басқармасының басшысы болды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімінің өкімімен Қаржы басқармасының басшысы болып Қанат Сухамбеков тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдікке сілтеме жасап.
03.04.2023 16:45 Жамбыл облысының бес ауылында мүлдем байланыс жоқ ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы 5 ауылда мүлдем мобильді байланыс жоқ. 367 ауылдың 72-сі әлі күнге дейін төмен жылдамдықты 2G және 3G мобильді интернетпен отыр. Ал талшықты-оптикалық байланыс желісі жоқ ауылдар саны –185, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.04.2023 15:54 «Құлдықта болдым»: Ақмолалық полицейлер видеоға қатысты тергеуді бастады КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы Ақкөл қаласының тұрғыны өзін біреулер құлдықта ұстағаны туралы әлеуметтік желіде видео таратып, көмек сұрады. Полиция осыған байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
03.04.2023 15:24 Алматыда жоғалған 4 жасар бала табылды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Сайран көлінің маңында жоғалып кеткен 4 жасар бала табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.04.2023 06:30 Т. Жүргеновтің 125 жылдығына арналған байқау: Үздік комедиялық койылымдар анықталды КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойына орай Көкшетауда өткен «Сәлем» халықаралық комедиялық қойылымдар байқауы мәресіне жетіп, үздіктер марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
01.04.2023 02:20 Алматыдан 280 км қашықтықта жер сілкінді АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақытымен 1 сәуір, сағат 01.52-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
01.04.2023 01:00 Еліміздің жасөспірімдері грек-рим күресінен бақ сынап жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат - Абай облысының орталығы Семей қаласында грек-рим күресінен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында ел біріншілігінің алғашқы жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.03.2023 05:10 Атырауда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 60% үстемемен сатылған АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік 60 пайыз үстеме бағамен сатылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
31.03.2023 04:13 ШҚО-да биыл 46 ауылдың бас жоспары жасалады ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында биыл 46 ауылдың бас жоспары әзірленбек. Бұл туралы өңір әкімдігінде өткен жиналыс барысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.03.2023 01:22 Ақтауда ер адам көлік жүргізіп келе жатып қайтыс болды АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтауда көлік жүргізіп келе жатқан азамат жүрек ұстамасынан қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.03.2023 00:11 Алматыда Бостандық ауданының тұрғындары газсыз қалды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Бостандық ауданында газ тарату құрылғысында апатқа қарсы қорғаныстың іске қосылуынан тұрғын үйлер апатты жағдайда көгілдір отыннан ажыратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.03.2023 13:30 Оралда жоғалып кеткен ер адам 12 күннен бері табылмай жатыр ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жоғалып кеткен ер адам 12 күннен бері таптырмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.03.2023 05:19 ШҚО дәрігерлері сирек жасалатын әдіспен жас жігіттің аяғын сақтап қалды ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының дәрігерлері елімізде өте сирек жасалатын әдісті қолдана отырып 18 жастағы жігіттің аяғын сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.03.2023 02:36 Ақмола облысында спорт саласындағы үздіктер марапатталды КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында халықаралық және республикалық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген үздік спортшылар мен жаттықтырушылар Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жүлдемен және ақшалай сыйлықпен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.03.2023 02:09 Қарағандыда «Қазақ балалар әдебиетінің антологиясы» он томдығы таныстырылды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Абай атындағы Қарағанды облыстық кітапханасында балалар кітабының дәстүрлі апталығында «Қазақ балалары әдебиетінің антологиясы» он томдығы таныстырылды. Құрастырушы – Байбота Қошым-Ноғай, деп хабарлайды ҚазАқпарат.