Ажар Ғиният аудиторлық тексеріс кезінде табылған кемшіліктерге пікір білдірді
2022 жылғы 14 маусым 10:44

Ажар Ғиният аудиторлық тексеріс кезінде табылған кемшіліктерге пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау жүйесі үшін әртүрлі мамандықтағы 20 мыңнан астам дәрігер, 4,5 мыңнан астам бакалавр, магистрант, докторант даярланған. Бұл жайында Есеп комитетінің денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық тексерісіне арналған жиында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, соңғы кезеңде 29 мыңнан астам дәрігер мен мейірбике біліктілігін арттырды.

Бұдан басқа, 2019-2021 жылдар кезеңінде министрліктің шешімі бойынша медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің стипендиясы ұлғайтылды.

10 жыл ішінде алғаш рет мемлекеттік грантты ұлғайту қайта қаралды.

Бұл шаралар елімізде медициналық білім беруді дамытуға ықпал еткенін А.Ғиният атап өтті.

Ведомствоның мәліметінше, медициналық ғылым саласында үш жыл ішінде осы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде медициналық ғылым ұйымдары мен медициналық жоғары оқу орындарының патенттік белсенділігінің 15% өсуі байқалады.

Соңғы үш жылда диагностика, емдеу және медициналық оңалтудың 63 инновациялық технологиясын қолдану мақұлданды.

Жыл сайын индекстелетін шетелдік басылымдарда жарияланатын мақалалар санының 46% - ға өскені байқалады.

Бұл ретте жоғары рейтингті журналдардағы жарияланым үлесі 25-тен 50% дейін өсті.

Министр қазақстандық медициналық жоғары оқу орындарының университеттердің беделді жаһандық рейтингіне енуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берген ғылыми және инновациялық қызметтің бәсекеге қабілетінің бүкіл негізгі көрсеткіштерінің өсуін атап өтті.

Мысалы, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Еуропа мен Орталық Азияның дамушы елдерінің QS рейтингінің ТОП-200 қатарына кіріп, 146-шы орынды иеленді.

Айта кетер жайт, коронавирустық инфекция пандемиясымен күрестің қиын күндерінде біздің жоғары оқу орындарымыздың оқытушылар құрамы, интерндер, резиденттер практикалық денсаулық сақтау дәрігерлерімен иық тіресіп, адам өмірін сақтап қалуға үлес қосты, сондай-ақ сол кезеңде осы бағдарламаларды іске асыру жалғасын тапты.

«Бұл ретте аудиторлық есепте белгіленген ескертулердің бір бөлігі аудиторлардың жұмысы кезеңінде жойылды. Сонымен қатар, министрлік жұмысқа қабылдаған белгілі бір ескертулер мен кемшіліктер бар. Біз осы саланың жұмысын одан әрі дамыту үшін денсаулық сақтау жүйесіне сапалы талдау жүргізуге әрқашан дайынбыз», - деп қорытындылады ведомство басшысы.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT