Ажар Ғиният Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының марапатын алды
2022 жылғы 18 маусым 21:38

Ажар Ғиният Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының марапатын алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы ресми өкілі Кэролайн Кларинваль «Дені сау ұлт» ұлттық медицина саммиті барысында ДДҰ Еуропа өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге атынан Ажар Ғиниятқа марапатты табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Қазақстанның денсаулық сақтау министрі д-р Ажар Ғиниятқа д-р Ханс Клуге атынан және ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының және ДДҰ Қазақстандағы елдік офисінің барлық қызметкерлері атынан марапат табыстау - мен үшін үлкен құрмет. Қазақстанда 19 маусым күні аталып өтетін медицина қызметкерлері күніне орай доктор Ғиниятқа марапат тапсыру сәтінде ерекше толқып тұрмын. Доктор Ғиният, Қазақстандағы пандемиямен күреске қосқан зор үлесіңіз үшін алғыс айтамын, сізге және Қазақстанның бүкіл денсаулық сақтау қызметкерлеріне зор денсаулық, амандық тілеймін», - деді Кэролайн Кларинваль марапатты ҚР ДСМ басшысына табыстай отырып.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT