Балаларды сауықтыру лагерьлері санитариялық қорытынды алуға міндетті - Ажар Ғиният
2022 жылғы 1 маусым 12:32

Балаларды сауықтыру лагерьлері санитариялық қорытынды алуға міндетті - Ажар Ғиният

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Балаларды сауықтыру лагерьлері сәйкестік туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жазғы демалыс кезіңде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті балалардың сауықтыру лагерьлерін қадағалауды жүзеге асырады. Бүгінгі таңда қала сыртындағы 234 сауықтыру лагерін ашу жоспарлануда. Олар сәйкестік туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті. Қазір 30 лагерь ғана қорытынды алды», - деді министр.

Ажар Ғинияттың айтуынша, қорытынды алған сауықтыру ұйымдарының тізбесі ата-аналарға мәлімет үшін апта сайын Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында орналастырылып отырады.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT