Балаларға отандық фильмдер тегін көрсетіліп жатыр
2022 жылғы 22 маусым 13:55

Балаларға отандық фильмдер тегін көрсетіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанада балаларға отандық картиналар мен анимациялық фильмдер тегін көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақфильм» АҚ, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ және Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы Балалар жылы аясында «Жазғы кино» жобасын жүзеге асырып жатыр. Оның аясында еліміздің кез келген өңірінде тұратын балалар «Қазақстан» орталық концерт залында өтетін кинокөрсетілімдерді тегін тамашалайды.

«Қазақконцерттің» баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жоба мақсаты – балаларды мәдени құндылықтармен таныстыру, олардың ішкі әлемін байыту.

Маусым айы басталғалы 4 мыңнан астам бала отандық үздік мультфильмдер мен көркем фильмдерді көріп үлгерді.

Көрерменге қазақстандық жаңа кинофильмдер мен анимациялық фильмдер ұсынылады.

Алдағы күндер аңдатпасы:

- 24 маусым күні сағат 15:00 және 19:00-де «Нартай» фильмі;

- 25 маусым күні сағат 12:00 және 18:00-де «Ұлы дала таңы» фильмі;

- 27 маусым күні сағат 12:00 және 19: 00-де «Паралимпиадашы» фильмі

Кинокөрсетілімге 8 708 888 19 91 телефоны бойынша жазылуға болады.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT