Бас прокуратура: Бүлікшілер өтіп бара жатқан адамдарды өздеріне қосылуға мәжбүрлеген
2022 жылғы 7 ақпан 19:46

Бас прокуратура: Бүлікшілер өтіп бара жатқан адамдарды өздеріне қосылуға мәжбүрлеген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүлікшілер бейбіт тұрғындар мен өтіп бара жатқан адамдарды өздеріне қосылуға мәжбүрлеген. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сонымен бірге бүлікшілер бейбіт тұрғындар мен өтіп бара жатқан адамдарды оларға қосылуға мәжбүрлеген. Мысалы, 5 қаңтарда Алматыда қарақшылар көлігін бермей қойғаны үшін белгілі музыкант, продюсерді атып тастаған. Такси, ауыр көліктер мен автобус жүргізушілерін де көшелерде тосқауыл қою арқылы жабуға мәжбүрлеген. Тіпті дәрігерлерге шабуыл жасап, 46 жедел жәрдем, 551 полиция көлігін қиратқан, 5 өрт сөндіру машинасын өртеп жіберген.

Осы іс-қимылдардың барлығы, оның ішінде әкімдіктердің, Президент резиденциясының, ҰҚК, полиция және басқа да нысандар ғимараттарын қарумен басып алу үшін шабуыл жасау заң жүзінде лаңкестік актісі ретінде танылады. Олар халық арасында үрей мен қорқыныш тудыруды, Үкімет пен басқару органдарының қалыпты жұмысын істен шығаруды көздеген. Бейбіт шерушілер ешқашан мұндай әрекетке бармас еді»,- деді Ризабек Ожаров Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, заңға бағынатын адамдар бұл уақытта үйде отырды. Кейбір саналы азаматтар тұтқынға түскен және жараланған қызметкерлер мен әскерилерге көмек көрсетіп, оларға тобырлардың тиісуіне жол бермеді.

«Сонымен бірге, тәртіпсіздіктердің ең қызу кезеңінде де тәртіп сақшылары өлімге әкелетін қаруды қолданбағанын атап өту қажет. Жараланғандардың басым көпшілігі қауіпсіздік күштері арасында болуы да осыдан. Ауруханаға түрлі жарақаттармен 3 393 қызметкер жеткізілді. Олар болса, біреудің әкесі, күйеуі, ағасы немесе баласы. Олар жай ғана өздерінің қызметтік және әскери міндеттерін атқарып, құқықтық тәртіп пен тыныштығын қамтамасыз етті», - деді Бас прокуратура өкілі.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT