14:35 Қазақстандықтар жеке басына қатысты қате мәліметтерді eGov-та онлайн түзете алады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар жеке басына қатысты қате мәліметтерді eGov арқылы онлайн түзету мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы ҚР ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14:34 Биыл бір вице-министр, 2 судья, 3 генерал жемқорлық фактісімен ұсталған НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2022 жылдың басынан бері 1 вице-министр, 2 судья, 3 генерал жемқорлық фактісі бойынша жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12:48 Мүмкін емес ештеңе жоқ – Роман Скляр утиль алымынан бас тарту туралы НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр утиль алымынан бас тарту мүмкіндігіне пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12:45 Биылғы бес айда 600-ден астам лауазымды тұлғаның жемқорлық әрекеті әшкереленді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
12:40 Диқандар суармалы жерге емес, шығындаған судың көлеміне қарай ақы төлейді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұдан былай диқандар суармалы жердің аумағына емес, шығындаған судың көлеміне қарай ақы төлейді. Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12:35 Еліміздегі алғашқы АЭС Балқаш маңына салынуы мүмкін – министр НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстандағы алғашқы атом электр стансасы қай өңірге салынатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11:23 Маусымда Сирия процесінің кезекті 18-раунды өтеді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 14-16 маусым күндері елордада Сирия процессінің кезекті 18-раунды өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11:14 Биыл 170 мыңнан астам түлек үшін соңғы қоңырау соғылады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл 170 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасады. Соңғы қоңырау 25 мамырда соғылады. ҚР Білім және ғылым министрлігі мектеп бітіру шарасын өткізу бойынша ұсыныс дайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
11:09 Егіске жіберілген судың 40 пайызы далаға кетіп жатыр – Әлихан Смайылов НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов әкімдіктерге су шаруашылығы обьектілерін цифрландыру менавтоматтандырудың жол карталарын уақтылы іске асыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11:04 Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлері Ресей газымен қамтылуы мүмкін - Премьер НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресей тарапы Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыру нұсқасын қарауға дайын. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10:58 Күріш алқабы қысқарып, мақта алаңы кеңейеді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның оңтүстік облыстарында егіс жұмыстары аяқталып келеді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10:50 Қызылорда облысында 5 мың гектар күріш алқабы қысқарды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Су үнемдеу шараларының аясында биыл Қызылорда облысында 5 мың гектар күріш алқабы қысқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10:23 Шардара су қоймасына келетін су көлемі 2,5 есе ұлғайды – министр НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Шардараға 5 млрд текше метр су жинауға мүмкіндік бар. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, бұған былтыр қараша айынан бастап қолға алынған шаралар мен қолайлы климаттық жағдай мүмкіндік туғызы тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08:57 Министр мектеп асханаларына қатысты төрт проблеманы атады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында өңірлерге жиі шығып, ауыл мектептерін де, қала мектептерін де аралау маңызды екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 17:46 Кен орындарын пайдалануда 118 лицензия тоқтатылды – Өскенбаев Президентке есеп берді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмыстары туралы есеп берді. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
кеше 17:45 Қарамағындағылардан ақша алған Кинология орталығының бастығы сотталды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Кинология орталығының бастығы сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
кеше 17:43 «7-20-25» және «Нұрлы жерді» жаңа бағдарлама алмастырады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі құрылыс нарығында қалыптасқан ахуалға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
кеше 16:18 Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Ерғалиұлы Алдажұманов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
кеше 15:45 Техникалық мамандықтарға «Болашақ» бойынша берілетін грант саны 60 пайызға өсті НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Болашақ» бойынша құжаттарды қабылдау басталды.Өтініштер 2022 жылдың 14 қазанына дейін Egov.kz арқылы қабылданады. Бұл туралы ҚазАқпарат БҒМ сілтеме жасап хабарлайды.
кеше 14:45 26 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қырғызстанға барады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26 мамыр күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.