Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, екі адам көз жұмды
2022 жылғы 8 маусым 10:10

Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, екі адам көз жұмды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында автокөлік аударылып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметкері, полиция майоры Дариға Мәжитованың мәлім еткеніндей, оқиға 7 маусым күні шамамен сағат 19.15-те болды.

«Жалпақтал-Чапаев автожолының 115-шақырымында «Лексус» автокөлігі аударылып қалды. Жол апаты салдарынан 1986 жылғы жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды. Автокөлікте отырған жолаушы Жалпақтал ауылындағы аудандық ауруханаға жатқызылды. Түнде Орал қаласында тұрған 1990 жылғы жолаушы әйел көз жұмды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде», деді Д.Мәжитова.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда полиция қызметкерінің екі баланы құтқарып қалғанын жазған болатынбыз.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT