12:32 Мәжіліс салық саласындағы өзгерістерге қатысты құжатты мақұлдады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12:21 Мәжіліс көлік мәселесі бойынша 4 кодекс пен 16 заңға өзгеріс енгізбек НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12:17 Қаңтарда зардап шеккен кәсіпкерлерге салық жеңілдігі қарастырылады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге қолдау көрсету араларын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12:02 Темекіге акциз кезең-кезеңімен көтеріледі - Әлібек Қуантыров НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2024 жылы темекіге акциз кемінде 28 евро деңгейінде белгіленуі тиіс. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Салық кодексіне өзгерістер енгізу жөніндегі құжатты қарау кезінде Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11:53 Цифрлық майнингке салық жүктемесі күшейеді – министр НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Цифрлық майнингке салық жүктемесі күшейеді. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Салық кодексіне өзгерістер енгізу жөніндегі құжатты қарау кезінде Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11:00 Елімізде пайдалы қазбаларды өндіру салығының көлемі артады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде пайдалы қазбаларды өндіру салығының көлемі артады. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Салық кодексіне өзгерістер енгізу жөніндегі құжатты қарау кезінде Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10:51 Мәжілісте қаржы пирамидасымен күреске арналған құжат қаралады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаттарының қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды күшейту және қаржылық пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10:30 Елімізде кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимылдың жаңа қадамдары енгізіледі НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05:10 Алматылық өрт сөндірушілер тактикалық оқу-жаттығу дайындығын өткізді АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда өрт сөндірушілер тактикалық оқу-жаттығу дайындығын өткізді. Шараға барлығы 27 техника, 142 жеке құрам жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02:51 Атырау облысында полицияның сервистік моделі енгізілді АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында полицияның сервистік моделі енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
кеше 20:38 ҰҚШҰ қорғаныс министрлері қауіп-қатерлерге жауап беру тетіктерін талқылады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің қорғаныс ведомстволарының басшылары әскери қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлер мен оларға жауап беру мәселелерін талқылады. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
кеше 19:07 «Халық кредитіне рақымшылық жасалды» - ақпарат фейк НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде кредиттік рақымшылық жасалғаны және халықтың қарыздары есептен шығарылғаны туралы тараған ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
кеше 17:45 Онда сізге қатысты ақпарат бар – Бағдат Мусин паспорттағы чипке түсінік берді АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Қазақстан паспортындағы чип құжаттың халықаралық стандартқа сай екенін білдіреді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ақтөбеліктермен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 17:28 ҚР ҰҚК басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа шекараны нығайту шаралары туралы баяндады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомствоның осы айда атқарған қызметінің негізгі қорытындылары, алдағы кезеңге арналған міндеттері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетін реформалау туралы Жарлықты жүзеге асыру шаралары туралы есеп берілді. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
кеше 17:00 Банктер клиенттердің төлем қабілетіне қойылатын талаптарды қатаңдатуда НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халық тарапынан ұзақ пайдаланылатын тауарларға сұраныстың өсуі кепілзаттық және кепілсіз кредиттер бойынша сұраныстың өсуіне әсер етті. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
кеше 16:49 600 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы жинағының көмегімен баспана мәселесін шешті НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның 273 мыңнан астам азаматы зейнетақы қорындағы жинақты қолдана отырып баспана сатып алды. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ-ның басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 16:03 Мобильдік қосымшаларды қазақ тілінде қызмет көрсетуге мәжбүрлейміз – Мусин НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мобильдік сервистер мен қосымшаларды қазақ тілінде қызмет көрсетуге мәжбүрлейміз. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 15:39 Салондардағы автомобиль тапшылығы кредит беруге кері әсерін тигізді – Ұлттық банк НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Салондардағы автомобиль тапшылығы кредит беруге кері әсерін тигізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
кеше 15:11 Қазақстанда 608 мыңнан астам адам баспанаға мұқтаж НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 608 мыңнан астам адам тұрғын үйге мұқтаж. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Нәлібаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 14:41 Өңірлерді газдандырудың 2030 жылға дейінгі сызбасын жаңарту қажет – Смайылов НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Әлихан Смайылов 1 шілдеге дейін Өңірлерді газдандырудың 2030 жылға дейінгі жаңартылған схемасын ұсынуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.