кеше 15:38 Атырауда апатты жағдайдағы «Тұлпар» балалар лагерінің ғимараты бұзылады АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда апатты жағдайдағы «Тұлпар» балалар лагерінің ғимараты бұзылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
31.03.2023 13:44 Шетелдегі этникалық қазақтарға жүздеген оқу гранты бөлінді АСТАНА. ҚазАқпарат – Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстанның жоғары оқу орындарында грант бойынша білім алғысы келетін шетел азаматтарынан құжат қабылдау басталғанын хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.03.2023 10:22 Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілмек АСТАНА. ҚазАқпарат – Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілуі ықтимал. Тиісті Үкімет қаулысы көпшілік талқылауға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
31.03.2023 09:49 «Үздік педагог» конкурсының ережелері мен өткізу мерзімі өзгермек АСТАНА. ҚазАқпарат – «Үздік педагог» конкурсының ережелері мен өткізу мерзімі өзгеруі мүмкін. Оқу-ағарту министрлігі «Ашық» НҚА порталында жариялаған тиісті бұйрықта жаңа тәртіптер жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.03.2023 21:56 Петропавлда 21 млрд теңгеге төрт заманауи мектептің құрылысы жоспарланған ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында алдағы үш жылда 4 мектеп салынбақ. Оның екеуінің құрылысы биыл басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.03.2023 17:08 Елордада 3 сәуірден бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады АСТАНА. ҚазАқпарат – Бірінші сынып оқушыларының құжатын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл тралы Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржангүл Қаирбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.03.2023 11:43 Мәдениет министрлігі кітапхана қызметкерлерін Түркияда оқытпақ АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәдениет және спорт министрлігі көпшілікке арналған кітапхана қызметкерлерін Анкара қаласындағы Президент Әкімшілігіне қарасты Ұлттық кітапханада біліктілік арттыруға жіберуді жоспарлап отыр.
30.03.2023 10:45 Балаларды 1-сыныпқа беру туралы өтінішті қабылдау мерзімі жарияланды АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа оқу жылында 400 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады. Бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініш беру 1 сәуірде басталып, тамыздың 1-не дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
29.03.2023 20:32 Қырғызстан мектептерінде заңсыз ақша жинағандарға айыппұл салу ұсынылды БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігі балалардың білім алу құқығын бұзғаны немесе шектегені және мектептерде заңсыз ақша жинағаны үшін лауазымды тұлғалар және ата-аналарды айыппұлмен жазалауды ұсынды. Тиісті заң жобасы қоғамдық талқыға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қырғызстанның нормативтік құқықтық актілер порталына сілтеме жасап.
28.03.2023 20:13 Түркі әлемінің атаулы күндерінің қатарында Ясауидың 930 жылдығы бар АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз елінің астанасы - Бішкекте Түркі Академиясы Ғылыми кеңесінің кезекті VІ отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
28.03.2023 19:32 Шымкентте 14 бала уланған олимпиаданы ұйымдастырушылар қатаң сөгіс алды ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкентте балалар уланып қалған олимпиаданың ұйымдастырушылары жазаланды. Бұл жайында Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
27.03.2023 20:33 1 мыңнан астам әлеуметтік педагог коучинг құралдарын қолдануды үйренеді АСТАНА. ҚазАқпарат - Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты әлеуметтік педагогтерді коучингтің тиімді әдістеріне және оларды кәсіби қызметте практикалық пайдалануға үйрету мақсатында вебинар өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
27.03.2023 12:57 Республикалық олимпиадада жеңіске жеткен 29 оқушыға білім гранты табысталды АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 422 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оның 86-сы алтын, 127- сі күміс, 209-і қола медаль, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
27.03.2023 11:09 Педагогтердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап app.testcenter.kz сайтында педагогтердің білімін бағалауға өтініштерді қабылдау жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
27.03.2023 10:10 Қазақстанда балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы салынбақ АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен кеңесте оқушыларды мектептен тыс жұмыстармен, оның ішінде жазғы демалыс кезінде қамтуды ұлғайту, сондай-ақ балалардың шығармашылық және зияткерлік дамуына арналған ірі орталықтар салу мәселелері талқыланды, деп Үкіметтің баспасөз қызметі.
27.03.2023 07:42 Қарағандылық оқушылар жүрек ауруын емдеуге арналған құрылғы ойлап тапты ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 9-сынып оқушылары Алдияр Нақып пен Алпамыс Исабеков жүрек ауруымен ауыратын адамдар үшін арнайы құрылғы әзірледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.03.2023 07:38 Шығысқазақстандық 27 дәрігер шетелдік клиникаларда біліктілігін арттырып жүр ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының 27 дәрігері шетелдік клиникаларда біліктілік арттыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.03.2023 15:48 Елдегі мектептер қауіпсіздік бойынша аттестацияланады АСТАНА. ҚазАқпарат – Елдегі мектептер қауіпсіздік бойынша аттестаттаудан өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.03.2023 14:17 Атырау облысында биыл 25 мектеп жаңартылады АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында биыл 25 мектепті жаңартуға 800 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.03.2023 14:06 Қазақстанның 8 университеті QS World University Rankings by Subject рейтингіне енді АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздегі 8 жоғары оқу орны QS World University Rankings by Subject 2023 ‒ әлемнің үздік университеттерінің пәндік рейтингіне енді. Нәтиже 22 наурызда жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.