Білімге арқа сүйеген қоғамда деструктивті көзқарастарға жол жоқ - Президент
2022 жылғы 1 маусым 16:55

Білімге арқа сүйеген қоғамда деструктивті көзқарастарға жол жоқ - Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда ғалымдардың демкоратиялық қоғам құрудағы рөліне тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірге болсақ, біз міндетті түрде көптеген кедергіні еңсере аламыз. Шынайы дем о кратиялық, әділетті мемлекетті бірге құра аламыз. Ғалымдардың, академиялық қауымдастықтың рөлі бұл үдерістердің бәрінде өте маңызды.

Ақыл-ойдың алыптары мен ғұлама зерттеушілер әрдайым қоғам дамуының алғы шебінде жүреді. Олар сыни ойлауды қалыптастырып, көне замандағы надандыққа қарсы тұрды, жалған білімпаздар мен популистерге дәйекті тосқауыл қоя білді», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ол Қазақстанда іргелі ілімдермен бірге ескі нанымның сарқыншақтары да қатар өмір сүріп келе жатқанын сынады.

«Өкінішке қарай, елімізде түрлі ырымшылдықпен жауыр болған қасаң қағидалармен және жалған ғылыми түсініктермен байланысты құбылыстар қылаң беріп қалады.

Дамудың обьективті заңдары туралы ғылыми түсінігі бар қоғамда қайдағы бір деструктивті көзқарастарға жол жоқ. Ондай ортада білім мен прогрестің культі салтанат құруы керек.

Жаңа идеяларды өмірге әкелетін еркіндік пен шығармашылықтың атмосферасы қазіргі әлемде табыстың негізгі факторының бірі болып есептеледі. Ғылыми кабинеттер мен ғылыми қызу пікірсайыстарда бәсекеге қабілетті ұлттың іргетесі қаланады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы 5 маусымда өтетін референдум елдегі саяси трансформацияның соңғы сатысы емес екенін ескертті.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT