АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирусқа шалдыққандар статистикасын жариялады.
Оған сәйкес, 17 наурызда 77 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Төрт адам пневмонияға шалдықты.
Одан бір күн бұрын - 98, ал оның алдыңғы күні - 85 қазақстандық аталмыш індетпен ауырған еді.