Бірқатар өңірде 41 градусқа дейін аптап ыстық болады
2022 жылғы 7 маусым 22:38

Бірқатар өңірде 41 градусқа дейін аптап ыстық болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірқатар аймақтарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Облыстың оңтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстік-батыстан түнде және таңертең жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Көкшетау қаласында түнде және таңертең найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан түнде және таңертең жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді, Ақтөбе қаласында батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с жетеді.

Күндіз Алматы облысының таулы аймақтарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Жалаңашкөл ауданында және облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл соғады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде 08 маусымда облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, күндіз солтүстікте, оңтүстікте 38 градусқа дейін қатты ыстық. Тараз қаласында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында, шығысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде найзағай жарқылдайды. Облыстың оңтүстік-батысынан, оңтүстігінен, батысынан, солтүстігінен, шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан жел түнде облыстың солтүстігінде, батысында 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді.

Күндіз Қызылорда облысында 40-41 градус қатты ыстық, облыс орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысып, күндіз орталықта, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда қаласында күндіз 40 градус қатты ыстық, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел, түнде оңтүстікте, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, Ақтау қаласында күндіз солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, Павлодар қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м / с жетеді. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде екпіні 25 м / с жетеді.

Күндіз Түркістан облысының батысында, солтүстігінде 40ºС, Түркістан қаласында күндіз 40ºС қатты ыстық болады.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT