Биыл Қостанай облысында 4 мыңнан астам отбасы қоныс тойын тойлайды
2022 жылғы 22 маусым 15:55

Биыл Қостанай облысында 4 мыңнан астам отбасы қоныс тойын тойлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Қостанай облысында 450 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 450,5 мың шаршы метр тұрғын үй салу, 4 мыңнан астам пәтер тапсыру жоспарланған. Жыл басынан бері 3,4 пайыздық өсіммен 169,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция 16,7 пайызға өсті», - деді өңір әкімі Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінгі күні өңірдегі ауыл халқының 74,9 пайызы немесе ауылдардың 59 пайызы сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізіп отыр.

«Биыл «Нұрлы жер» және «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламалары аясында сумен жабдықтау және су бұру бойынша 48 жобаны іске асыруға 20 млрд теңге бөлінді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 33,3 пайызға артық. Алғаш рет орталық сумен жабдықтау жүйесіне 14 ауыл қосылады. 5 ауылдың сумен жабдықтау жүйесі қайта жаңғыртылады. Келешекке болжамды сметалық құны 25 млрд теңгеден асатын 37 жоба әзірленіп жатыр», - деді Архимед Мұхамбетов.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT