Биыл Ораза айында 1,4 мың нәрестеге Рамазан есімі берілді
2022 жылғы 13 мамыр 12:10

Биыл Ораза айында 1,4 мың нәрестеге Рамазан есімі берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Ораза айында 1 443 сәбиге Рамазан есімі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл Ораза айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталған болатын.

Мұсылман жамағаты үшін осынау қасиетті айда елімізде дүние келген ұлдарға Рамазан есімі жиі қойылған.

Нақтырақ айтар болсақ, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, сәуір айында дүниеге келген 1 392 балаға Рамазан есімі берілген.

Жалпы, сол айда ұлдарға қойылған аттардың танымал ТОП-5-тігінде Айсұлтан (314), Әлихан (230), Нұрислам (138), Әмір (172) есімдері бар. Ал қыздарға Медина (592), Раяна (510), Айша (445), Айлин (345) және Асылым (262) есімдері жиі қойылған.

Рамазан есімі мамыр айында дүниеге келген 51 балаға да берілген. Бұл айда да Айсұлтан (53) мен Әлихан (53) жиі қойылатын есімдер қатарында тұр. Сондай-ақ үздік бестікке Әрсен (34) мен Омар (32) есімдері кірген. Қыздарға жиі қойылатын есімдер бестігі өзгеріссіз: Медина (87), Айлин (76), Раяна (69), Айша (65) және Асылым (65). Мамыр айының алғашқы онкүндігі енді ғана өткенін ескерсек, ұлдарға да, қыздарға да қойылатын үздік есімдердің бестігі өзгеруі мүмкін.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT