Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 124 доллардан асты
2022 жылғы 10 маусым 11:00

Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 124 доллардан асты

БАКУ. ҚазАқпарат – Мұнайдың әлемдік бағасы өсіп келеді. Бұған сауда-саттық деректері дәлел, деп хабарлады ҚазАқпарат меншікті тілшісі Caspian barrel-ге сілтеме жасап.

Brent маркалы мұнайдың тамыз фьючерстерінің бағасы 0,39% - ға дейін яғни барреліне 124,07 долларға дейін өсті. Шілдедегі WTI фьючерстері 0,29% - ға, яғни 122,47 долларға дейін қымбаттады.

Инвесторлар АҚШ-тағы мұнай қорының апта сайынғы статистикасын бағалайды.

Елдің Энергетика министрлігінің деректері бойынша мұнайдың стратегиялық резерві өткен аптада 7,3 миллион баррельге немесе 1,4 пайызға азайып, 519,3 миллион баррельді құрады. Осылайша, көрсеткіш 1987 жылдың наурыздағы аптасынан бері ең төменгі деңгейге жетті. Ол кезде елдің стратегиялық мұнай қоры 518,9 миллион баррельді құраған болатын.

Сонымен қатар, АҚШ-тағы коммерциялық мұнай қоры (стратегиялық резервті қоспағанда) бір апта ішінде болжанған төмендеудің орнына 2 млн баррельге немесе 0,5%-ға өсіп, 416,8 млн баррельге жетті.

Елдегі ең ірі Кушинг (Cushing) терминалындағы мұнай қоры бір апта ішінде 25 миллион баррельден 23,4 миллионға дейін азайды.

АҚШ-тағы бензин қоры 0,8 млн баррельге (0,4% -ға), яғни 218,2 млн баррельге дейін төмендеді. Сарапшылар 1,1 миллион баррельге өседі деп күткен еді.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT