Бүгін Ақтөбеде ауа ластанады
2022 жылғы 15 маусым 05:00

Бүгін Ақтөбеде ауа ластанады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстанның бір қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2022 жылғы 15 маусымда Ақтөбе қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілуде»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT