Бүкіл референдум учаскелері халықаралық талапқа сай - қырғыз байқаушысы
2022 жылғы 5 маусым 15:14

Бүкіл референдум учаскелері халықаралық талапқа сай - қырғыз байқаушысы

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қырғызстанан келген халықаралық байқаушы, Қырғыз Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ұзарбек Жылқыбаев брифинг барысында халықтың референдумдағы белсенділігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін біз 10 референдум учаскесіне бардық. Олардың барлығы отандық заңнама мен халықаралық талаптарға сай. Саяси науқанға қатысушылар белсенді. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында Конституцияға өзгерістер мен толықтырулыра екінші мәрте референдум арқылы енгізіліп отыр. Азаматтар мемлекет алдындағы жауапкершілікті сезінеді», - деді спикер Алматыда өткен брифингте.

Оның айтуынша, Қырғызстаннан 8 байқаушы келген.

Нұр-Сұлтанда – 4, Шымкентте – 2, Алматыда – 2 адам жұмыс істеп жатыр.


Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT