Бұл мен үшін тек қана спорт - Головкин «Канеломен» жекпе-жегі алдында кездесті
2022 жылғы 25 маусым 09:31

Бұл мен үшін тек қана спорт - Головкин «Канеломен» жекпе-жегі алдында кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің үшінші жекпе-жегі алдындағы баспасөз конференциясысында көз арбасты, деп хабарлайды.

Бұл туралы қазақстандық боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Артық ештеңесі жоқ, бұл мен үшін тек қана спорт», - деді Головкин.


Еске салсақ, Геннадий Головкин екінші орта салмақтағы әлемнің абсолюттік чемпионы Сауль Альвареске қарсы жекпе-жегі 17 қыркүйекте өтеді.

Жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында болады. Олардың бұған дейінгі соңғы екі кездесуі де дәл сол жерде өтті. Әлемдік жекпе-жекттің біріншісі тең аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті мексикалық боксшыға берді. Бірақ кейін көптеген сарапшылар бұл нәтижені әділетсіз деп санаған.

Үшінші жекпе-жек супер орта салмақта өтеді.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT