БҰҰ Қазақстанда жүргізіліп жатқан тың бастамаларды қолдайды - Амина Мұхаммед
2022 жылғы 9 маусым 17:07

БҰҰ Қазақстанда жүргізіліп жатқан тың бастамаларды қолдайды - Амина Мұхаммед

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірікке Ұлттар Ұйымы Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіндегі баспасөз мәслихатында БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Амина Мұхаммед мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның 30 жыл бойы елдің тұрақты дамуы бағытындағы қадамдарын құптаймыз. Бүгінгі кездесу барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің дамуы жолындағы маңызды мақсаттарды атап өтті. Біз Қазақстандағы саяси реформалардың процесін қолдаймыз. Атап айтқанда, сәтті өткен рефрендум тұрғысында бұл тақырып аса маңызды», - деді А.Мұхаммед.

Сонымен қатар ол Қазақстандағы тың бастамалар елдің ілгері дамуына мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Аталған реформаларды адам құқықтары бойынша халықаралық нормалар мен стандарттарға сай тиімді жүзеге асыруға, сондай-ақ азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды ескеруге шақырамыз», - деді БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азияға сапары аясында Қазақстанға келген БҰҰ Бас хатшысының бірінші орынбасары Амина Мұхаммедті қабылдады.

Айта кетейік, ҚР Орталық референдум комиссиясы 5 маусымда өткен Қазақстан Конституциясына өзгертулер мен толықтыруларға қатысты референдум қорытындысын жария етті. Осы орайда Конституцияға ұсынылған өзгерістер қабылданды.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT