Былтыр Алматының шетінде тұратын 17 адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған
2022 жылғы 17 маусым 11:48

Былтыр Алматының шетінде тұратын 17 адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- 2021 жылы Алматының Алатау ауданында тұратын 17 адам жедел жәрдем көлігі келгенге дейін қайтыс болып кетті. Бұл туралы қалалық прокуратура мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жедел медициналық көмек көрсету ережесі бойынша дәрігерлер бригадасы адам өмірге тікелей қауіп төндіретін жағдайларда шақыртуды алған сәттен бастап 10 минутта жетуі тиіс.

«Қазіргі уақытта Алатау ауданында 18 мыңға жуық халық тұрады, оған Алматы облысының бірқатар бау-бақша серіктестіктері қосылған. Аталған ықшамауданға ең жақын жедел жәрдем станциясы 20 шақырым жерде орналасқан. Қаладағы кептелісті ескеретін болсақ, фельдшерлер науқасқа кешігіп келетінін көреміз»,- деп хабарлады прокуратурадан.

Сонымен қатар прокуратура мамандары 2021 жылға талдау жасады.

«Салдарынан 17 тұрғын жедел жәрдем көлігі келгенге дейін қайтыс болып кеткені анықталды. Медеу ауданының прокуратурасы осы проблеманы шешу үшін уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актісін енгізді. Сондай-ақ 17 адамның қайтыс болу себептерін тергеу үшін арнайы комиссия құрылды»,- деп атап өтті ведомствадан.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT