Данияр Ақышев Елбасының көмекшісі қызметінен босатылды
2022 жылғы 18 наурыз 16:11

Данияр Ақышев Елбасының көмекшісі қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент-Елбасының шешімімен Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының көмекшісі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Данияр Талғатұлы 1976 жылы 25 мамырда Алматы қаласында туған.

1996 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын экономист мамандығы бойынша үздік аяқтады (мамандануы - банк ісін ұйымдастыру).

Еңбек жолын Орталық Азия қор биржасында маман ретінде бастады.

1996-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің зерттеу және статистика департаментінде түрлі лауазымдар атқарды, 2003-2007 жылдары осы департаментті басқарды. 2007-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары.

2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі лауазымын, 2015 жылғы тамыз - 2015 жылғы қараша аралығында сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті көмекшісінің міндеттерін уақытша атқарушы болды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы (2015-2019); ҚР Президентінің кеңесшісі болды.

Соңғы лауазымына 2019 жылдың сәуірінде тағайындалған.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT