«Дикий Арман» қайда қамауда отыр – Бас прокуратура жауабы
2022 жылғы 7 ақпан 19:17

«Дикий Арман» қайда қамауда отыр – Бас прокуратура жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Дикий Арман» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отыр. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Жұмагелдиев босатылды» немесе «оны белгісіз бағытта алып кетті» деген түрлі болжамдар мен жалған ақпараттар таратылуда. Егер басында бұл азаматты полиция атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін ұстаса, қазір оған қатысты жаппай тәртіпсіздіктер бойынша іс тергеліп жатқанын ресми түрде хабарлаймын. Қазіргі кезде арнайы прокурорлар екі қылмыстық істі біріктіріп, өз тергеуіне алды. Ал Жұмагелдиев ҰҚК тергеу изоляторына ауыстырылды», - деді Ризабек Ожаров Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Бұған дейін Р.Ожаров «Дикий Арманның» тобы 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағанын мәлім еткен болатын.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT