«Дикий Арман» тобы 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстаған - прокуратура
2022 жылғы 7 ақпан 19:10

«Дикий Арман» тобы 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстаған - прокуратура

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –«Дикий Арман» тобы 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстаған. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 мүшесі, адам өлтіру, ұрлық, тонау және қарақшылық жасағаны үшін бұрын сотты болған 21 тұлға ұсталды. Олардың қатарында «Дикий Арман» лақап атымен танымал - Жұмагелдиев және оның топ мүшелері де бар.

Бұл тұлға туралы жеке тоқталып өтейін. Оның қаруланған адамдары кездейсоқ өтіп бара жатқан 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстаған. Оларды бір жерден екінші жерге апарып, ұрып-соққан, салдарынан бір адам қаза болды. Бұдан басқа, қарақшылар 12-ші қалалық ауруханада полиция қызметкерін қатты соққыға жығып, қызметтік қаруын тартып алған», - деді Ризабек Ожаров.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT