Дүкеннен екі ай бойы алкогольді ішімдік ұрлап келген күдікті ұсталды

2022 жылғы 25 қыркүйек, 09:27
Дүкеннен екі ай бойы алкогольді ішімдік ұрлап келген күдікті ұсталды

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау қаласының тұрғыны супермаркет желілерінің бірінен алкогольді ішімдіктердің ұрланғаны бойынша полицияға арызбен жүгінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Арызданушының айтуынша, тамыз-қыркүйек айлары қатарынан дүкеннен қымбат спирттік ішімдіктер ұрланған. Жәбірленушіге келген шығынның жалпы сомасы 200 мың теңгеден асады.

Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басы анықтап, ұстады. Ұры 36 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда аталған іске қатысты «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar