Дүйсенбіде бірнеше өңірде 38-41 градус ыстық болады
2022 жылғы 26 маусым 18:23

Дүйсенбіде бірнеше өңірде 38-41 градус ыстық болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидрометтің болжамында 27 маусымда да ыстық ауа райы еліміздің көп аймағында сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласында 36 градус қатты ыстық күтіледі.

27 маусымда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-батысында, күндіз оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында найзағай шарқылдап, шаңды дауыл күтіледі. Соққан желдің жылдамдығы15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады. Күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облыстың шығысында, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Kүндіз облыстың оңтүстігінде қатты ыстық 38 градусқа жетеді. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр. Солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, облыс орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, күні 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде солтүстік-батыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

27 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT