14:38 Энергетика министрі Ресейден газ тартудың оңтайлы маршруттарын атады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік өңірлер мен ШҚО-ны газдандыру бойынша Энергетика министрлігі 2 нұсқаны қарастырып отыр. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14:18 Қазақстанда 1700-ден астам елді мекен газбен қамтылған – Үкімет НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 1700-ден астам елді мекен немесе 11 миллионнан астам қазақстандық табиғи газбен қамтамасыз етілген. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13:54 Қазақстан Ресей еншілес банктерінің қаражатын бұғаттаған жоқ - агенттік НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпараттық ресурстарда Қазақстанның Ресей еншілес банктеріндегі қазақстандықтардың қаражатын бұғаттағаны туралы дәйексіз ақпарат тараған. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ресей банктері активтерін бұғаттау туралы ақпараттың жалған екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13:08 Қазақстанда машина жасау саласының келешегі зор – Роман Скляр НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр елдегі машина жасау саласының дамуы жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12:46 Өнеркәсіпті дамыту қоры сақтандырушылар пулының барын мойындады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ лизинг заттарын сақтандыру аясында сақтандыру компанияларының пулымен жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
12:40 Диқандар суармалы жерге емес, шығындаған судың көлеміне қарай ақы төлейді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұдан былай диқандар суармалы жердің аумағына емес, шығындаған судың көлеміне қарай ақы төлейді. Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов осындай тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12:35 Еліміздегі алғашқы АЭС Балқаш маңына салынуы мүмкін – министр НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстандағы алғашқы атом электр стансасы қай өңірге салынатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12:25 Қазақстанда егіс суының тарифі қайта қаралуы мүмкін НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында суармалы су тарифін қайта қарауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11:40 Биыл Қазақстан халқының 58 пайызы газбен қамтылады – министрлік НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылы Қазақстан халқының 57 пайызы газбен қамтылды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11:02 Су үнемдеу технологиясын қолданатын шаруаларға басымдық беріледі НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шаруаларды заманауи су үнемдеу технологияларын қолдануға ынталандыру үшін мемлекеттік қолдау шаралары көзделген. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10:48 Экология министрлігі вегетация кезеңінде су соратын 67 қондырғы сатып алмақшы НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі вегетациялық науқан кезінде су соратын 67 қондырғы сатып алмақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10:35 Егіс суаруға жұмсалатын судың 97 пайызын оңтүстіктегі 4 өңір игеріп отыр НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Вегетациялық кезеңде егіс суғаруға жұмсалатын судың 97 пайызын оңтүстіктегі 4 өңір игеріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10:23 Шардара су қоймасына келетін су көлемі 2,5 есе ұлғайды – министр НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Шардараға 5 млрд текше метр су жинауға мүмкіндік бар. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің айтуынша, бұған былтыр қараша айынан бастап қолға алынған шаралар мен қолайлы климаттық жағдай мүмкіндік туғызы тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06:16 Атыраудан Ресей шекарасына дейінгі жол жөнделіп жатыр АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудан Ресей шекарасына дейінгі жолдың кей бөлігіне қиыршық тас төселіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
04:38 Семейде осы жылы 62 көшенің жолы жөнделеді СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Биыл Семей қаласында 62 көшеге орташа жөндеу жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
00:21 Алматы-Өскемен трассасының су шайған бөлігі бір айда жөнделетін болды ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - ҚазАвтожол «Алматы-Өскемен» трассасындағы су шайып кеткен жолды бір айда жөндейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды.
кеше 16:20 Қазақстан Иранмен көлік-логистиканы дамытуда келіссөз жүргізіп жатыр ТЕГЕРАН. ҚазАқпарат – Иран мен Қазақстан көлік-логистика саласында маңызды өңірлік хабқа айнала алады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың Иран Ислам Республикасының бірінші Вице-президенті Мохаммад Мохбермен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
кеше 15:38 Қор нарығында доллар 424 теңгеден саудалануда АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 12:23 Бір жылда елдегі жас бизнесмендер саны 36% өскен НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бір жылдың ішінде жасы 29-дан аспаған бизнесмендердің саны 36% өскен. Осылайша олардың өз ортасындағы үлесі 18% артып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Finprom ресурсына сілтеме жасап.
кеше 10:21 Ресей банктерінің қазақстандық бөлімшелерінде 9,2 млрд теңге бұғатталған НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресей банктерінің Қазақстандағы еншілес ұйымдарында 9,2 млрд теңге болатын қаржы бұғатталған. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығыны реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Мәжіліс депуттарының сауалына жолдаған жауабында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.