Экотуризм инфрақұрылымын дамытудың маңызы зор – Үкімет басшысы
2022 жылғы 1 маусым 14:14

Экотуризм инфрақұрылымын дамытудың маңызы зор – Үкімет басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов елімізде туристер саяхаттап баратын жерлерді кешенді дамыту мен абаттандыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Туризм – экономиканың өте перспективті саласы. Пандемияға дейін туризм саласына әлемдік жиынтық өнімнің шамамен 10%, жаһандық қызмет көрсету экспортының 30%, әлемдік инвестициялардың 7%, жұмыс орындарының 10% және барлық салық түсімдерінің 5% тиесілі болды. Сарапшылардың пікірі бойынша, халықаралық туризмді қалпына келтіруге 2 жылдан 4 жылға дейін уақыт кетуі мүмкін», - деп атап өтті Ә. Смайылов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Екінші жағынан, Премьер-Министр бұл фактордың ішкі туризмді дамытуға үлкен септік еткенін еске салды. Қазақстандағы туристік объектілерге қызығушылық артып келеді.

«Сондықтан туристік әлеуеті жоғары өңірлерде инфрақұрылым мен сервисті дамыту қарқынын одан әрі күшейту қажет. Елімізде туристер саяхаттап баратын жерлерді кешенді дамыту мен абаттандыруды қамтамасыз ету керек. Бұл – туризмге жеке инвестиция тартудың маңызды факторлары. Оған әкімдіктер ерекше назар аударуы тиіс. Сондай-ақ, экотуризм объектілеріндегі қызмет көрсету инфрақұрылымын дамытудың маңызы зор. Оны іске асыру кезінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экожүйесі қатаң сақталуы тиіс», - деді Үкімет басшысы.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT