Елдегі 1,4 млн га суармалы алқаптың 286 мың гектарында ғана заманауи технология қолданылады
2022 жылғы 17 маусым 12:30

Елдегі 1,4 млн га суармалы алқаптың 286 мың гектарында ғана заманауи технология қолданылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1,4 млн гектер суармалы алқаптың 286 мың гектарында ғана заманауи технология пайдаланылады. ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов Мәжілісте өтіп жатқан Парламенттік тыңдауда осындай мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әкімдіктердің дерегінше, биыл суармалы егіс алаңы 1 млн 462 мың гектар болған. Оның ішінде 1 млн 107 мың гектары жер бетімен суарылады. Ішінде 87 мың гектарға жуық күріш алқаптары бар. Жалпы алаңның тек 286 мың гектарында ғана заманауи техология бойынша тамшылатып немесе жаңбырлатып суару тәсілі қолданылады», - деді министрдің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, бұл проблеманы шешу үшін әуелі суармалы жер иелері су үнемдеудің маңызын түсінуі қажет.

«Болжанып отырған су тапшылығына байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі Экология министрлігімен және жергілікті әкімдіктермен бірге су ресурстарын тиімді, үнемді пайдалану бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді вице-министр.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT