Еліміздің 12 өңірінде коронавирус инфекциясының Стелс-Омикрон түрі анықталды
2022 жылғы 18 мамыр 11:57

Еліміздің 12 өңірінде коронавирус инфекциясының Стелс-Омикрон түрі анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еліміздің 12 өңірінде коронавирус инфекциясының «Стелс-Омикрон» түрі анықталды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«12 өңірде коронавирус инфекциясының «Омикрон» түрінің бірі анықталды. Бұл – «Стелс-Омикрон». Коронавирус инфекциясының бұл түрі «Дельта» вирусына қарағанда жеңіл өтеді. Бірақ, жылдам таралуымен қауіпті әрі қайтадан ауруға алып келеді. Сонымен қатар оның бүкіл елімізде тарала бастағанын көріп отырмыз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Министр вирустың тарауына мониторинг күнделікті жүргізіліп жатқанын айтты.

«Симптоммен жүгінген пациенттер толық көлемде ем алады. Сырқаттанушылықтың мұндай ағымы кезінде қандай да бір карантиндік іс-шара енгізбейміз. Сондықтан барлық карантиндік іс-шаралар алынып тасталды. Қазіргі уақытта негізінен тұрғындар арасында алдын алу жұмыстары жүріп жатыр», - деді Ажар Ғиният.

Сонымен қатар ол маска режимін қайта енгізу мүміндігіне қатысты сауалға да жауап берді.

«Бүгінде маска режимін енгізуге еш негіз жоқ. Ол елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады», - деді министр.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT