Елорда мешіттері қасиетті Қадір түнін қалай қарсы алады
2022 жылғы 27 сәуір 20:05

Елорда мешіттері қасиетті Қадір түнін қалай қарсы алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласындағы мешіттерде Қадір түніне орай өтетін іс-шаралар сағат 22:00-ден басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Әзірет Сұлтан» мешітінде жамағат үшін 22:00-де кіріспе түрінде уағыз айтылады. Құптан намазы сағат 22:35-те басталса, Тарауих намазы 22:50-де басталады.

Ал Хатым Құран дұғасы 00:30-да оқылады.

Ары қарай сағат 01:00-ден бастап жамағаттың еркін құлшылық жасауына мүмкіндік беріледі.

Елордадағы мешіттердің бәрінде Қадір түніне орай ұйымдастырылатын іс-шаралар кестесі осы уақытта өтеді.

Айта кетейік, Қадір түніне орай Нұр-Сұлтанда арнайы жүретін автобустардың уақыты түнгі 01:30-ға дейін ұзартылады.

Автобус бағдарлары төмендегідей:

«Әзірет Сұлтан» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:

- «Спутник» супермаркеті;

- ТЖ вокзалы;

- «Көктал-1,2» ТА.

«Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:

- «Көктал-1,2» ТА;

- ТЖ вокзалы;

- Мед. колледж.

«Сәдуақас қажы Гилмани» мешітінен жүретін бағдарлардың бағыты:

- «Көктал-1,2» ТА;

- «Кирпичный» ТА.

«Ырыскелді қажы» мешітінен жүретін бағдардың бағыты:

- «Ильинка» ТА.

«Рақымқызы Райса ана» мешітінен жүретін бағдардың бағыты:

- «Рахмет» СО.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT