Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуат Сұлтанғазиев өз еркімен қызметінен кетті
2022 жылғы 11 маусым 13:01

Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Қуат Сұлтанғазиев өз еркімен қызметінен кетті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі өз еркімен жұмыстан кетті,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қуат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметінен өз кетті»,- делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Қуат Елеусізұлы Сұлтанғазиев аталған ауданға басшы болып биыл ақпан айының 18-і күні тағайындалған болатын.

Қуат Елеусізұлы Сұлтанғазиев 1975 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Салық басқармасының инспекторы, бас инспекторы болып бастады.

Әр жылдарда «Казкоммерцбанк» АҚ Шелек филиалының менеджері, жетекші менеджері, бөлім басшысы, директордың орынбасары, Шелек ауылында «БиК Service», Алматы қаласында «Vita trans» ЖШС-ларының директоры, «Баттал» шаруа қожалығының жетекшісі, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры болды.

2020 жылдың ақпанынан 2022 жылдың ақпанына дейін «Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Алматы қаласы филиалының директоры қызметін атқарды.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT