кеше 13:54 Маңғыстаулықтар өз еркімен бір сағат жарықсыз отырады АҚТАУ. ҚазАқпарат – 25 наурыз күні Маңғыстау облысында «Жер сағаты» акциясы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.03.2023 11:52 Риддердегі жылу электр орталығында жарылыс болды АСТАНА. ҚазАқпарат – Риддердегі жылу электр орталығында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Энергетика министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
24.03.2023 11:40 СҚО-да бірнеше кәсіпорын экологиялық акцияға қатыспақ ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Жер сағаты» дүниежүзілік экологиялық акциясына 10 кәсіпорын-мекеме қатысуға тілек білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
23.03.2023 14:09 Өңірлерде жанармай жетіспейді: Үкіметте энергетикадағы өзекті мәселелер талқыланды АСТАНА. ҚазАқпарат - Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» қоры және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басшыларының қатысуымен Қазақстанның энергетика саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды. ҚазАқпарат бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
20.03.2023 16:04 Қашаған мұнайы Ақтау-Баку бағыты арқылы тасымалдана бастады БАКУ. АЗЕРТАДЖ – ҚазАқпарат – Қазақстандық «Қашаған» кенішінен алынған мұнай Каспий теңізі арқылы Ақтау-Баку бағытында тасымалдана бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әзербайжанның Азертадж агенттігіне сілтеме жасап.
17.03.2023 14:53 Солтүстік Қазақстанда екі фермаға күн панельдері орнатылады ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында екі шаруашылық баламалы энергия көздерін енгізу бойынша республикалық пилоттық жобаға қатысып жатыр. Кейін олардың фермалары басқа кәсіпкерлер тәжірибе алатын алаңға айналмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.03.2023 09:10 Қостанай жылу энергетикалық компаниясына 15 млн теңгеге жуық айыппұл салынды ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай жылу энергетикалық компаниясына 15 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16.03.2023 19:42 Су тасқыны болған Қобда ауданындағы 3 ауыл үш күннен бері жарықсыз отыр АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Қобда ауданындағы Байтақ, Қосөткел, Херсон ауылдары 13 наурыз күні сағат 22:00-ден бастап электр тогынан ажыратылды. Болжам бойынша бірнеше бағана құлаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.03.2023 14:44 Наурызда 25 мың тонна ресейлік мұнай Қазақстан арқылы Өзбекстанға жеткізіледі АСТАНА. ҚазАқпарат -«ҚазТрансОйл» АҚ наурыз айында 25 мың тонна ресейлік мұнайды Өзбекстанға тасымалдауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
15.03.2023 12:25 Шағын мұнай өңдеу зауыттарына талап күшейеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Шағын мұнай өңдеу зауыттарына қойылатын талаптар күшейтіледі. Бұл жайында таратылған Мәжілістің депутаттары сауалына Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.03.2023 12:54 Бензин бағасы қымбаттамайды – министр АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда бензин мен дизель отынының қоры жасалғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.03.2023 10:14 Қазақстан сәуір айында Германияға тағы 20 мың тонна мұнай жөнелтеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан сәуір айында Германияға тағы 20 мың тонна мұнай жөнелтеді. Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет кулуарында осындай мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
10.03.2023 15:41 Еуропалық одақ Батыс Қазақстанда жел және күн электр станцияларын салады АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Қазақстан - Еуропа ынтымақтастығының перспективаларын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
10.03.2023 09:48 Монополист Теміртау тұрғындарына 300 млн теңге қаражатты қайтарып берді АСТАНА. ҚазАқпарат - Монополист Теміртау тұрғындарына 300 млн теңгеден астам қаражатты қайтарып берді, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
08.03.2023 12:04 Chevron Қазақстандағы мұнай өндіру көлемін арттырмақ ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Chevron Corporation басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Майк Вирт CERAWeek конференциясында Қазақстанда мұнай өндіру көлемін арттыру жоспары жайында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.03.2023 20:10 Аргентинада алапат өрттен елдің жартысы жарықсыз қалды БУЭНОС-АЙРЕС. ҚазАқпарат – Аргентина аумағының жартысынан астамы өрттен кейін жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.
02.03.2023 12:44 Цифрлық 62 бастама: Жаңа технологиялар қазақстандықтардың өмірін қалай жеңілдетеді АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде пайдалану қажеттілікке, көптен бері үйреншікті жағдайға айналды.
01.03.2023 20:16 Жапония 2035 жылға қарай энергияның 90%-ын экологиялық таза жолмен өндіруі мүмкін ТОКИО. ҚазАқпарат-РОЙТЕРС – Күн, жел энергиясы мен аккумулятор батареялары бағасының түсуі 2035 жылға қарай Жапония энергияның 90%-ын экологиялық таза жолмен алуы мүмкін екенін білдіреді. Бұл туралы америкалық Лоуренс Беркли Ұлттық зертханасының зерттеуінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
01.03.2023 16:48 Қазақстан осы айда Германияға тағы 20 мың тонна мұнай жеткізбек АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы наурызда Германияға келесі 20 мың тонна мұнай транзитін жүзеге асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
01.03.2023 12:13 Еліміздің үш өңірінде табиғи газ желілері жоқ АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл басындағы дерекке сай, елдегі газдандыру деңгейі 59%-ға жетті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ашық талқыға шығарған «2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасында» жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.