Эпидемиологтер коронавирус штамдары әлі де қауіпті екенін ескертті
2022 жылғы 13 сәуір 02:20

Эпидемиологтер коронавирус штамдары әлі де қауіпті екенін ескертті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Көрші елдерде коронавирустың қайта өршіп жатқан тұста алматылық эпидемиологтар тұрғындарды вакцина алуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық аурухана емханасының эпидемиологі Гүлдархан Әжімұратованың айтуынша, короновирустан сақтанудың жалғыз жолы вакцинация мен ревакцинация болып табылады.

«Қазір елімізде жалпы эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Қазіргі уақытта халықтың ұжымдық иммунитеті қалыптасқан. Статистикаға сәйкес, шамамен 10.5 миллион адам вакцинацияланды, сонымен қатар 3,5 миллион адам ревакцинациядан өтті. Дегенмен коронавирусты жұқтыру ықтималдығы әрқашан болады. Біз коронавирустың ешқайда жоғалмағанын түсінуіміз керек, ол біздің арамызда өмір сүре береді, бірақ алдын-алу шараларын үнемі ұстануымыз керек. Барлық карантиндік талаптар алынғанына қарамастан, халық көп жиналатын жерлерде бетперде киген дұрыс. Вакцинация мен ревакцинациядан бас тарту эпидахуалға кері әсер етуі мүмкін», - деді дәрігер.

Оның айтуынша, карантиндік шаралар мен шектеулерді алып тастау коронавирустың мүлде жойылды дегенді білдірмейді. Жаңа мутациялар немесе штамдар бүкіл әлем үшін әлі де қауіпті.

Айта кетейік, бүгінгі таңда қала тұрғындары үшін «Pfizer» (Комирнати, АҚШ), «Vera Cell» (Sinofarm, Қытай), «QazVac» (QazCovid-in Қазақстан) вакциналары қолжетімді. Мысалы, 7 ҚКА емханасында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация сағат 08:00-18:00 аралығында жүргізіледі. Бұл ретте әрбір азамат емханаға бекітілуіне қарамастан вакцина ала алады. Тек бұл ретте өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы қажет.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT