Ералы Тоғжанов «Ақ жол» фракциясының депутаттарымен кездесті
2022 жылғы 5 сәуір 13:45

Ералы Тоғжанов «Ақ жол» фракциясының депутаттарымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысы қарсаңында ҚР Үкіметінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов «Ақ жол» фракциясының депутаттарымен кездесті. Аталған шараға орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесуге қатысушылар халықтың өзекті мәселелерін жедел шешуді көздейтін Үкімет пен депутаттық корпус арасындағы өзара іс-қимылдың жаңа неғұрлым тиімді форматын талқылады. Сондай-ақ мемлекеттік органдар депутаттардың өңірлерге сапары барысында халық көтеретін барлық мәселелерді егжей-тегжейлі зерттегені белгілі болды.

Вице-премьер өз сөзінде тұрақты диалогты жолға қою мен коммуникацияның заманауи құралдарын пайдалану қажеттігін атап өтті, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшыларына тұрақты кері байланысқа ден қоюдың барынша пәрменді нысандарын қолдануды және депутаттық корпуспен жұмыс мәселелерін ерекше бақылауға алуды, күнделікті негізде Парламентпен байланыс орнатуды, әрбір мемлекеттік органда Парламентпен жұмыс жасауға басшы орынбасарынан төмен емес деңгейде жауапты тұлғаны белгілеуді тапсырды.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT