Ералы Тоғжанов «қаңтар оқиғасында» өртелген «Qazaqstan» арнасының ғимаратына барды
2022 жылғы 18 наурыз 01:09

Ералы Тоғжанов «қаңтар оқиғасында» өртелген «Qazaqstan» арнасының ғимаратына барды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

Е.Тоғжанов № 7 емхананың жұмыс барысымен танысты. Аталмыш емдеу орталығында барлығы 9 жоғары оқу орны мен 10 кәсіптік білім ордасы медициналық көмекке алынған. Қала бойынша студенттерге, ересектер мен балаларға қызмет көрсетеді.


Сондай-ақ вице-премьер мегаполистегі Sadu орталығын аралап көрді. Спорт кешенінде жаттығып қана қоймай, күрес және басқа да спорт түрлерінен халықаралық жарыстар өткізуге болады. Нысанның негізгі қызметі – жекпе-жек өнерінің түрлері бойынша оқу-жаттығулар өткізу. Ал кешендегі заманауи қонақүй спортшылардың барлық қажеттілігін ескере отырып жасалған.

Премьер орынбасары «қаңтар оқиғасы» кезінде тоналып, өртелген «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының Алматы филиалында да болды. Ғимараттың ішін аралап, қалпына келтіру бойынша жұмыс барысын сұрады. Сапар барысында жаңа ғимараттың сызбалары таныстырылды.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT