Ertis Promenade маусымының ашылуы мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналды
2022 жылғы 4 маусым 14:23

Ertis Promenade маусымының ашылуы мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодарда «Ertis Promenade» маусымы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ertis Promenade маусымы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңындағы мерекелік концертпен басталды.

Ertis Promenade сахнасында павлодарлық және қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Қала тұрғындары мен қонақтарын танымал жерлестері мен қоғам қайраткерлері құттықтады.

Мыңдаған павлодарлықтар Орталық жағалауға жиналды.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов та болған осы кешке жиналған көрермендердің алдында Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның әртістері де ән салды.

Жастардың арасында танымал жүргізушілер Әйгерім Жантөрина мен Ғалымжан Кеңшілік көрермендердің көңілін аулап, қуаныш сыйлады.

Қала тұрғындары «Көк тудың желбірегені» әнін орындаған Ибрагим Ескендірді ду қол шапалақпен қарсы алды.

Көрермендерді Мемлекеттік рәміздердің 30-жылдығымен облыстық мәслихаттың депутаты Жарқынбек Амантай, химия-механикалық колледжінің студенті Владислав Губарев пен шаңғы жарысынан спорт шебері, Олимпиада ойындарының қатысушысы Ирина Быкова құттықтады.

Олар жерлестеріне бейбітшілік, бақыт пен береке тілеп, барлығын алдағы референдумде оң өзгерістер үшін дауыс беруге шақырды.

Концерттік бағдарламаның басты қонақтары рэпер Kalifarniya мен танымал әнші Қайрат Нұртас болды.

Эстрада жұлдыздары өздерінің белгілі әндері мен жаңа композицияларын орындады.

Еrtis Promenade алғашқы концертін Ибрагим Ескендір «Біз біргеміз» әнімен түйіндеді.


Сурет: pavlodarnews.kz

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT