Есірткі сату үстінде ұсталған талдықорғандықтан қару да тәркіленді
2022 жылғы 28 сәуір 17:22

Есірткі сату үстінде ұсталған талдықорғандықтан қару да тәркіленді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда есірткі саудасымен айналысатындарды ұстау операциясы кезінде қолға түскен күдіктіден қару мен оқ-дәрілер де тәркіленді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Операция барысында 31 жастағы есірткі сатушы сауда жүргізіп тұрған жерінен ұсталды. Ол «Шығыс» шағын ауданында психотроптық «мефедрон» затының бірнеше дозасын өткізіп жатқан. Күдіктінің тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту кезінде осы препараттың тағы 80 грамы табылды.

Сондай-ақ, синтетикалық есірткіден басқа, қару-жарақ пен оқ-дәрілер арсеналы тәркіленді.

«Күдіктінің үйінен ТОЗ-8, 5, 6 мм калибрлі бір ұңғылы мылтық, ИЖ-К бір ұңғылы мылтық, 16 калибрлі мылтық және 20-дан астам патрон табылды. Қару тіркелмеген және ерекше нөмірлері жоқ», - дейді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары арнайы операцияны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірлесе жүргізді.

Еске салсақ, Алматыда есірткі дайындап, сақтаған «Mad Men» тобының мүшелері сотталды.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT