Еуропа қазақтары арасындағы футбол ойынында 13 команда бақ сынады
2022 жылғы 5 маусым 19:50

Еуропа қазақтары арасындағы футбол ойынында 13 команда бақ сынады

ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Париж қаласында шетелде тұратын отандастардың қатысуымен өткен Еуропа қазақтарының құрылтайында футбол жарысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараны өткізуге ҚР Франциядағы елшілігі мен Франциядағы қазақ-түрік қоғамы, сонымен қатар «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы атсалысты.

Құрылтайдың ресми ашылуы Еуропа елдері мен Қазақстаннан келген командалар арасындағы футбол ойынымен басталды.

Тоғыз елдің намысын қорғаған 13 команда өзара мықтыны анықтады.

Атап айтқанда, Парижден - 4, Берлиннен – 1, Кельннан – 1, Мюнхеннен – 1, Венадан – 1, Түркиядан – 1, Қазақстаннан – 3 және Голландиядан – 1 команда футбол алаңында бас қосты.

Ашылу салтанатында Garges-Les-Gonesse қаласының мэрі Benoit Jimenez бен «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы сөз сөйлеп, әр қомандаға сәттілік тіледі.

Ойын барысында Қазақстан елінен келген «Алматы» командасы мен «Париж - 1» командасы финалға шығып, дода соңында Алматы командасы жеңіске жетті.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT