Еуропа қазақтарының кездесу-құрылтайы өтіп жатыр
2022 жылғы 5 маусым 11:32

Еуропа қазақтарының кездесу-құрылтайы өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 4-5 маусым аралығында Францияның Париж қаласында шетелде тұратын отандастарымыздың қатысуымен «Еуропа қазақтарының кездесу-құрылтайы» өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара Қазақстан Республикасының Франциядағы елшілігі мен Франциядағы Қазақ-Түрік қоғамы, сонымен қатар «Отандастар қоры» коммерциялық емес АҚ-ның атсалысуымен ұйымдастырылды.

Кездесу-құрылтайдыңалғашқы күнінде Қазақстанның Франциядағы Төтенше және өкілетті елшісі Жан Галиев пен «Отандастар қоры» КеАҚ президенті Абзал Сапарбекұлы ұлы тұлғаларға тағзым етуге арнайы барды. Атап айтқанда, Алаштың азаттық күресінің қайраткері Мұстафа Шоқай мен хәкім Абайдың ескерткішіне барып, құран бағыштады, гүл шоқтарын қойды. М.Шоқайдың ескерткіші Париж маңында кезінде өзі тұрған үйдің қасында орналасқан. Ал Абай атамыздың ескерткіші Париждің дәл ортасындағы ақындар саябағында бой көтерген.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT