00:40 Италияға заңсыз мигранттардың жаңа легі ағыла бастады АСТАНА. ҚазАқпарат – Италияға Жерорта теңізі арқылы заңсыз мигранттардың жаңа легі ағыла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANSA агенттігіне сілтеме жасап.
00:17 Еуро-2024: Қазақстан құрамасы есе жіберген Словения тағы жеңіске жетті АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы сынға түсетін H тобындағы тағы бір ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 23:02 Футболдан Қазақстан мен Данияның бас бапкерлері бүгінгі ойынға баға берді АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы Данияны жеңгеннен кейін бас бапкерлер ойын жайында пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 20:37 Еуроодақ іштен жанатын қозғалтқышқа қатысты талапты жұмсартты АСТАНА. ҚазАқпарат – Германия Еуроодақтың іштен жанатын қозғалтқышқа қатысты талапты жұмсартуына қолжеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.
24.03.2023 09:00 Финляндия президенті НАТО-ға кіру туралы заңға қол қойды АСТАНА. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні Финляндия Президенті өз елінің НАТО-ға кіруі туралы заңға қол қойды. Құжат парламентте 1 наурызда мақұлданған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.
22.03.2023 07:40 Еуропалық комиссия: Red Bull компаниясы Еуроодақтың монополияға қарсы заңнамасын бұзды ВЕНА. ҚазАқпарат - Еуропалық комиссия (ЕК) австриялық энергетикалық сусын шығаратын Red Bull компаниясын заңсыз сөз байласу мен еуропалық монополияға қарсы заңнаманы бұзды деп күдіктенеді, корпорацияның кеңсесінде тінту жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
19.03.2023 16:12 Ұлыбритания Парламентінің мүшесі сайлаудың ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингіде Ұлыбритания Парламентінің мүшесі Даниэль Кавчински сайлаудың ұйымдастырылу деңгейіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.03.2023 13:25 Еуропа чемпионаты: Қазақстан – Словения матчын қайдан көруге болады АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы Қазақстан - Словения кездесуінің қазақстандық қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.03.2023 12:15 Ұлыбритания Сыртқы істер министрі алғаш рет Қазақстанға ресми сапармен келді АСТАНА. ҚазАқпарат – Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли алғаш рет елордаға ресми сапармен келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.03.2023 09:22 Брюссель жасыл технологиялар мен шикізат бойынша ұсыныстар жасады БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Брюссель Еуроодақ экономикасын жасыл технологияларға көшіру мен тау-кен өнеркәсібіне қатысты екі ұсыныс жасады. Бұл – таза өнеркәсіп туралы және аса маңызды шикізат туралы заңдар. Олар Жердегі климаттың өзгеруіне жауап бермейтін салаларға инвестиция тартуға арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com-ға сілтеме жасап.
15.03.2023 11:20 Қазақстанның балық өнімдері Еуропа елдеріне экспортталады АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 наурыздан бастап Еуропалық комиссия қазақстандық балық кәсіпорындарын өз өнімдерін Еуропалық Одақ елдеріне экспорттауға құқығы бар компаниялар тізіміне енгізу рәсімін қайта бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
15.03.2023 09:56 Ұлыбританияда тағы бір ауқымды ереуіл өтеді ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Ұлыбритания астанасын бұрын-соңды болмаған көлік кептелісі күтіп тұр. Лондон метрополитенінің қызметкерлері, Англия мен Уэльс мұғалімдерінің ереуіліне байланысты көптеген мектептер жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
14.03.2023 21:56 Еуроодақ Қазақстаннан балық өнімдерін сатып алатын болды АСТАНА. ҚазАқпарат – Еуроодақ Қазақстан компанияларының балық өнімдерін сатып алуға дайын. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13.03.2023 17:24 Қазақстандық студенттер шетелден несие алып, қайтармайтын жайттар бар – Айбек Смадияров АСТАНА. ҚазАқпарат – Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтарға Шенген визасын беру үшін енгізілген қосымша консультация енгізілуіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
13.03.2023 16:05 Ұлыбритания алдағы 2 жылда қорғанысқа бөлінетін қаражатты ұлғайтады АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания екі жылда қорғаныс бюджетін 5 млрд фунтқа арттырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
13.03.2023 14:48 Германияда әуежай жұмысшылары тағы да ереуілге шықты АСТАНА.ҚазАқпарат – 13 наурызда Гамбург әуежайында жоспарланған 123 рейс және қонуға тиіс 121 рейстің кем дегенде 50-і тоқтатылады. Ереуілді Ганновер мен Берлин әуежайлары да жалғастырмақшы, деп хабралйды ҚазАқпарат DW агенттігіне сілтеме жасап.
13.03.2023 01:26 Будапештте ірі көлік апаты болды: 42 көлік соқтығысып, 19-ы жанып кетті БУДАПЕШТ. ТАСС-ҚазАқпарат - Венгрия астанасы Будапешттен батысқа қарай 20 км жерде М1 тасжолында ірі көлік апаты болды. 42 автокөлік соқтығысқан, оның 5-еуі — жүк көлігі, 37-сі — жеңіл көлік, деп хабарлайды ТАСС.
12.03.2023 20:58 Италияда мыңдаған адам кеме апатынан қайтыс болған мигранттарды еске алды КУТРО. ҚазАқпарат – Италияның Кутро қаласында мыңдаған адам шеруге шығып, кеме апатынан қайтыс болған 75 мигрантты еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
11.03.2023 09:21 Қазақстан мен Еуроодақ құқықтық салада бірлесіп әрекет ету туралы хаттамаға қол қойды АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы 9-10 наурызда Брюссельде «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» сот төрелігі және құқықтық тәртіп жөніндегі Кіші комитеттің және адам құқықтары жөніндегі диалогтың отырыстары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілетеме жасап.
10.03.2023 17:46 Еурокомиссия басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл Қазақстанға Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен жұмыс сапарымен келеді. Мұны Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.