27.05.2023 20:25 Қазақстандықтар Facebook желісінде жалған ақпаратты жиі таратады АСТАНА. ҚазАқпарат – Былтыр еліміздегі интернет-платформаларда жалған ақпарат тартудың 278 фактісі анықталған. Мұндай деректер Мәжілістің қарауына енгізілген «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.05.2023 18:40 Бірнеше рет жалған ақпарат таратқан блогерлерге ₸759 мыңға дейін айыппұл салынбақ – заң жобасы АСТАНА. ҚазАқпарат – Жалған ақпаратты орналастырған немесе таратқан блогерлерге 138-345 мың теңге аралығында айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы Мәжілістің қарауына түскен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27.05.2023 04:35 Маңғыстауда сергек жүйесі іске қосылды - фейк АҚТАУ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде Маңғыстауда 26 мамырдан бастап сергек жүйесі іске қосылды деген ақпарат тарады. Жауаптылар ақпараттың жалған екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.05.2023 15:33 Фейк: Қазақстанның жерлері қытайлық сайттарда сатылады АСТАНА. ҚазАқпарат - Facebook-те Қытайдың интернет-алаңдарында қазақстандық ауыл шаруашылығы алқаптары ашық сатылып жатқаны туралы ақпарат жарияланды. Оны Ауыл шаруашылығы министрлігі жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
19.05.2023 16:50 ХҚО-лар енді қытай тілінде қызмет көрсетеді деген ақпарат жалған - вице-министр АСТАНА. ҚазАқпарат – Ендігі уақытта халыққа қызмет көрсету орталықтары қытай тілінде де қызмет көрсетеді деген ақпарат жалған. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.05.2023 19:23 Еңбекмин жұмыс берушілерде сақтандыру шартының бар-жоғын жаппай тексереді – фейк АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілер мен мессенжерлерде 22 мамырдан бастап жұмыс берушілердің еңбек шартын Enbek.kz порталында тіркеуі және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру шартының бар-жоғын тексереді деген хабар тарады. Еңбек министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
16.05.2023 13:31 Бомба бар: Алматыда мектептен мұғалімдер мен оқушылар шұғыл эвакуацияланды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласында №25 орта мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламадан кейін оқушылар мен қызметкерлер шұғыл қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.05.2023 13:14 Өскеменде әйел адамның полицияда 5 сағат тергеуден кейін көз жұмғаны жайлы ақпарат жалған ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында полиция бөлімшесінде әйелдің тергеуден кейін көз жұмғаны жайлы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.05.2023 11:42 Мектепке бомба қойылғаны жайлы жалған хабарлама таратқан павлодарлық оқушы ұсталды АСТАНА. ҚазАқпарат – Павлодар облысында мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабарламалар таратқан 14 жастағы оқушы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.05.2023 20:07 Жамбыл облысы арқылы өтетін қырғыз автожолына бөгет қоршаулар құрылып жатыр – фейк АСТАНА. ҚазАқпарат – «Жамбыл облысында Бішкек-Нарын-Торугарт қырғыз автожолын қолдануға бөгет жасайтын инженерлік қоршаулар құрылып жатыр». Әлеуметтік желіде тараған осы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26.04.2023 10:25 Бешикташ футбол клубына демеушілік ұсынған жоқпыз - Эйр Астана АСТАНА. ҚазАқпарат – «Эйр Астана» әуе компаниясы түркиялық Бешикташ (Beşiktaş) футбол клубының стадион шатырын жаңартуға демеушілік ұсынғаны туралы ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.04.2023 14:25 Астана амфитеатрында ешқандай Ресей жұлдыздарының концерті өтпейді - әкімдік АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімдігі ресейлік эастрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерт туралы хабарландыруды жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
24.04.2023 19:17 «26 сәуірден 10 мамырға дейін интернет өшіріледі» - фейк АСТАНА. ҚазАқпарат – WhatsApp-та 26 сәуірден 10 мамырға дейін қазақстандықтар интернетке кіре алмайтыны туралы хабарлама тарап жатыр. Stopfake.kz-тің анықтауынша, бұл ақпарат – жалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
19.04.2023 21:36 Каспий теңізінде қолтырауын жүзіп жүргені жайлы ақпарат - фейк АҚТАУ. ҚазАқпарат - Соңғы күндері әлеуметтік желіде теңіз жағалауында жүзіп жүрген қолтырауынның бейнежазбасы тарады. Желі қолданушылары видео Каспий теңізі жағалауында түсірілген деп болжам жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.04.2023 16:01 Бомба туралы жалған ақпараттың кесірінен Air Astana ұшағы 6,5 сағатқа кешігіп ұшты АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана-Алматы бағытындағы KC996 рейсінде жолаушылардың бірі экипажға ұшақта бомба бар екенін айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат Air Astana компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13.04.2023 23:28 Батыс Еуропа-Батыс Қытай жолының бойындағы «митинг» жалған болып шықты ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде 12-сінен 13-сәуірге қараған түні «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының бойында орналасқан «ҚазМұнайГаз» жанармай құю станциясының жанында азаматтар жанармай бағасының өсуіне байланысты митингке жиналды деген бейнежазба пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
12.04.2023 01:26 Қазгидромет: Алматыда қатты дауыл соғатыны туралы ақпарат - фейк АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – WhatsApp мессенджерінде Алматыда екпіні сағатына 100 шақырымнан асатын қатты дауыл соғатыны туралы хабарлама тарады. Осыған байланысты «Қазгидромет» РМК ресми түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.04.2023 09:13 Алаяқтар интернетте жалған жанармай карталарын сатып жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде жанармай карталары сатылатыны жөнінде хабарландырулар тарап жатыр. Картаны белгіленген бағамен сатып алғаннан кейін, жанармай құю станциясында ақша төлеудің қажеті жоқ делінеді. Ақпаратты Stopfake.kz тексеріп көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
08.04.2023 14:49 Өскеменде оқушы қыздың асылып қалғаны жайлы ақпарат – жалған ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында оқушы қыздың асылып қалғаны жайлы жалған ақпарат тарауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.04.2023 21:33 Пәтерлер ұтысы туралы хабарлама жалған - министрлік АСТАНА. ҚазАқпарат – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «конкурстық негізде өткізілетін пәтерлер ұтысы» туралы хабарламаны жоққа шығарып, алаяқтардан сақ болуға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.