Форвардтық сатып алуға бөлінген 100 млрд теңгенің 80 пайызы игерілді - ҚР АШМ
2022 жылғы 7 маусым 12:26

Форвардтық сатып алуға бөлінген 100 млрд теңгенің 80 пайызы игерілді - ҚР АШМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Форвардтық сатып алу бағдарламасы аясында Азық-түлік келісім-шарт корпорациясына бөлінген 100 млрд теңгенің 80 пайызы игерілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азық-түлік келісім-шарт корпорациясына форвардтық сатып алу шеңберінде 371 өндірушіден 93,7 млрд теңгеден астам сомаға 552 өтінім келіп түсті. Соның ішінде 80 млрд теңгеге 303 өндірушінің 441 өтінімі қаржыландырылды», - деді Ауыл шаруашылығы министрі Ербола Қарашөкеев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, форвардтық сатып алу бағдарламасы аясында Азық-түлік келісім-шарт корпорациясына 100 млрд теңге бөлінген. Ал көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 140 млрд теңге қарастырылған.

«Бұл жерде Үкіметтін қосымша 70 млрд теңге бөлгенін атап өту қажет. Бүгінгі таңда «Кең дала» бағдарламасы аясында 84,1 млрд теңге сомасына 3 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қаржыландырылды.

Осы бағдарлама бойынша, оның ішінде өсімдікті қорғау іс шараларын жүргізуге, сондай-ақ егін жинау жұмыстарына несиелендіру жалғасатын болады», - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол бүгінгі Үкімет отырысында диқандар тыңайтқышқа жұмсайтын шығынның 50 пайызын мемлекет көтеріп отырғанын еске салды.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT