17.05.2023 15:00 Францияның экс-президенті Николя Саркози аппеляция сотында жеңіліп қалды ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози 2021 жылдың наурызында шығарылған үкімге апелляциядан жеңіліп қалды. Ол жемқорлық жасағаны және судьяларды сатып алмақ болғаны үшін айыпталған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
06.05.2023 10:00 Шетелдік БАҚ-тағы Қазақстан: Тәжікстан президентінің Астанаға сапары және мұнай экспортынан түскен табыстың артуы АСТАНА ҚазАқпарат - Осы аптада шетелдік БАҚ-та Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға сапары, екі елдің одақтастық туралы келісімге қол қоюы, сонымен бірге Қазақстанның мұнай экспортының табысы 50%-ға артуы, Франция Сыртқы сауда министрінің Астанаға сапары туралы мақалалар жарияланды. Толығырақ ҚазАқпарат сарапшысының шолу мақаласында.
24.04.2023 11:18 Қазақстандық джиу-джитсу шеберлері Парижде өткен Grand Slam турнирінде екі алтын алды АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық джиу-джитсу шеберлері Парижде өткен Grand Slam турнирінде екі алтын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.04.2023 08:44 Париж аптап ыстықтан көз жұмғандар санымен Еуропадағы қалалар рейтингінде көш бастады ПАРИЖ. AНАДОЛЫ. ҚазАқпарат - Париж аптап ыстықтан қайтыс болған қарттар өлімі бойынша Еуропа қалаларының рейтингінде көш бастады. Бұған The Lancet Planetary Health жариялаған зерттеу деректері дәлел, деп хабарлайды ҚазАқпарат Aнадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
18.04.2023 11:10 Эмманюэль Макрон зейнетақы реформасына байланысты мәлімдеме жасады БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Франция үкіметі жақын арада еңбекақы төлеу шарттарын жақсартуға, білім беру, денсаулық сақтау және әділет жүйелерін жақсартуға бағытталған шараларды әзірлеуге кіріседі. Бұл туралы президент Эммануэль Макрон телеарналарда сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.04.2023 04:22 Франция президенті зейнетақы реформасы туралы заңға қол қойды ПАРИЖ. ТАСС – ҚазАқпарат - Франция президенті Эммануэль Макрон зейнетақы реформасы туралы заңға қол қойды, құжат сенбі күні Франция Республикасының ресми газетінде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.
15.04.2023 07:51 Францияның Конституциялық кеңесі зейнетақы реформасын мақұлдады ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Францияның Конституциялық кеңесі жалпы зейнетақы реформасын мақұлдады. Бастаманың барлық дерлік ережелері, соның ішінде зейнет жасын 62-ден 64-ке дейін көтеру және жәрдемақыларды азайту елдің негізгі заңы мен республика қағидаттарына сәйкес келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com сайтына сілтеме жасап.
10.04.2023 09:48 Францияда құлаған тұрғын үй қирандысының астынан екі адамның денесі табылды ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Францияның оңтүстігіндегі Марсель қаласының орталығында опырылып құлаған төрт қабатты тұрғын үй үйінділерінен екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат France24.com-ға сілтеме жасап.
06.04.2023 18:21 Бейжіңде Қытай мен Франция басшылары келіссөз өткізді АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Франция Президенті Эммануэль Макронмен кездесу өткізді. Кездесу Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында орналасқан Халық жиналысы үйінде өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.04.2023 13:11 Президент: Франция – Қазақстанның жетекші саяси және экономикалық серіктестерінің бірі АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Франция Президентінің Арнаулы өкілі Изабель Дюмонды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
05.04.2023 22:09 Франция президенті мен Еуропалық комиссия басшысы Қытайға барады БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Франция президенті Эмманюэль Макрон мен Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйен Қытай Халық Республикасына барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.
01.04.2023 10:54 Париж тұрғындары электрлі самокатты жалға беру мәселесін дауысқа салмақ АСТАНА. ҚазАқпарат – 2 сәуір күні Парижде электрлі самокаттарды жалға беру мәселесіне қатысты референдум өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.
31.03.2023 17:28 Франция президентінің арнаулы өкілі Изабель Дюмон Қазақстанға келеді АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция президентінің арнаулы өкілі Изабель Дюмон 6 сәуір күні Қазақстанға келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
27.03.2023 23:11 Қазақстандық теннисші Францияда негізгі турнирге жолдама алды АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 343-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Францияда Лилль қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің іріктеу сайысын сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26.03.2023 21:18 Францияда су қоймасы құрылысына қарсы наразылық кезінде ондаған адам жараланды ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Франциядағы зейнетақы реформасына қатысты әлеуметтік қақтығысқа экологиялық нарызылықтар қосылып, оның соңы жандармдармен қақтығысқа ұласты. Бес айлық үзілістен кейін 30 мың демонстрант елдің батысындағы Сент-Солинде жиналып, су қоймасының құрылысына қарсылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.
25.03.2023 21:01 Макрон кәсіподақтарға келіссөз ұсынды, бірақ зейнетақы реформасы туралы емес АСТАНА. ҚазАқпарат – Франция президенті Эммануэль Макрон зейнетақы реформасына қарсы наразылық акциясы кезіндегі тәртіпсіздікті сынға алды. Ресми мәлімет бойынша, 400-ден астам полиция қызметкері зардап шекті, 500-ге жуық адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.
24.03.2023 09:23 Францияда зейнетақы реформасына қарсы шеруге миллионнан астам адам қатысты ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Францияда үкіметтің зейнеткерлік жасын 62-ден 64-ке көтеру туралы шешімінен туындаған дағдарыс жалғасып жатыр. Бейсенбідегі зейнетақы реформасына қарсы наразылық акцияларына бүкіл ел бойынша миллионнан астам адам қатысты. Елдің ІІМ мәліметтері бойынша, Парижде жүз мыңнан астам демонстрант көшеге шығып, полициямен қақтығыстар басталды. Бордода Муниципалитет ғимаратының есігі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.
21.03.2023 22:08 Эммануэль Макрон Франциядағы зейнетақы реформасына қатысты мәлімдеме жасайды АСТАНА. ҚазАқпарат – Франция Президенті Эммануэль Макрон ертең, 22 наурызда елдегі зейнетақы реформасына қатысты мәлімдеме жасайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС сілтеме жасап.
21.03.2023 07:23 Франция парламенті үкіметке сенімсіздік білдіру туралы партияаралық вотумнан өте алмады АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция парламенті үкіметке сенімсіздік білдіру туралы партияаралық вотумнан өткен жоқ. Бұл мәлімдемеге 278 депутат дауыс берсе, оны қабылдау үшін 287 дауыс қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews арнасына сілтеме жасап.
20.03.2023 18:10 Франциядағы шеру: халық неге көшеге шығып жатыр АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция билігі азаматтардың зейнетке шығу жасын 62-ден 64 жасқа дейін көтеру туралы заңды парламентте дауысқа салмай, мақұлдау туралы шешім қабылдады. Заң жобасы елде жаппай наразылық тудырып, ереуілдің өршуіне себеп болды. Франциядағы шеру туралы толығырақ ҚазАқпарат сарапшысының материалында.