Грузияға 36 мың доллар алып кетпек болған азамат ұсталды
2022 жылғы 13 маусым 14:24

Грузияға 36 мың доллар алып кетпек болған азамат ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Әуежай-Шымкент» кеден бекетінің қызметкерлері 12 маусымда Шымкент-Кутаиси халықаралық әуе рейсіне кедендік бақылау жүргізіп, 36 000 АҚШ долларын (15 905 240 теңге) құрайтын қолма-қол ақшаны заңсыз алып өтпек болған Қазақстан азаматын анықтап, тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл дерек туралы Мемлекеттік кірістер комитетінен мәлімдеді. Азаматтың әрекетінде ӘҚБтК-нің 545-бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар.

«Осы факті бойынша Шымкент қаласының мамандандырылған әкімішілік сотына процессуалдық шешім қабылдау үшін істің материалдары жолданды», - деп жазды ведомстводан.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы Жарлығына сәйкес, Ұлттық банк әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын немесе шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынған.



Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT