Гүлнұр Ғазизқызы

1999-2003 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, журналистика факультетінде оқыған. Еңбек жолын 2001 жылы «Қазақ әдебиеті» және «Сақшы» газеттерінде тілші болып бастады.
2003-2006 - «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығының тілшісі, кейіннен жауапты хатшысы;
2005-2007 - «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының редакторы;
2007-2008 - «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі;
2008-2012 - Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, сарапшысы;
2012-2021 - «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы қызметін атқарды. «NARKESKEN» авторлық бағдарламасын жүргізді. «ҚР Президенті телерадиокешені» КЕАҚ-да 2022 жылғы 1 сәуірден бастап шығарушы редактор.
«Қазақ телевизиясына 60 жыл» төсбелгісі (2018 ж.), «Жыл журналисі-2019» (Маңғыстау облысы), «Маңғыстау» телеарнасына 50 жыл» төсбелгісі (2020 ж.), «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі (2020 ж.), ҚР Президентінің Алғыс хаты (2021 ж.) және басқа да марапаттардың иегері.

1 2 3