Халық еш қысымсыз өз еркімен дауыс беріп жатыр – Елші референдум туралы
2022 жылғы 5 маусым 13:00

Халық еш қысымсыз өз еркімен дауыс беріп жатыр – Елші референдум туралы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Палестина мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Монтасыр Әбузейд елордада өтіп жатқан референдумға өз бағасын берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін біз көптеген учаскелерге барып, халықтың қалай дауыс беріп жатқанын көрдік. Барлығы өз еркімен, ешқандай қысымсыз, жақсы көңіл-күймен келіп жатыр. Біз ешқандай бұзушылыты байқамадық. Өз атымнан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев басшылық етіп отырған қазақ халқына табыс пен бақ-береке тілеймін», - деді дипломат елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Халықаралық Түркі академиясының байқаушылары Қазақстандағы референдумды жоғары қызығушылықпен бақылап отырғандарын айтқан еді. Олар таңғы 7-ден бері референдум учаскелерін аралап жүр.

Сонымен бірге Қырғызстаннан Қазақстанға 15 халықаралық байқаушы келді. Олар Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында, Жамбыл және Алматы облыстарында жұмыс істеп жатыр.

Жалпы Орталық референдум комиссиясы халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден 272 өкілді байқаушы ретінде аккредиттеген.

Айта кетейік, бүгін елімізде республикалық референдум өтіп жатыр. Референдум барысында ел тұрғындары Конституциямыздың 33 бабына 56 өзгеріс енгізу мәселесіне қатысты өз дауыстарын береді.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT