Хромтау қаласының тұрғыны алаяққа алданып, 10 млн теңгесінен айрылды
2022 жылғы 9 маусым 08:40

Хромтау қаласының тұрғыны алаяққа алданып, 10 млн теңгесінен айрылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат-Хромтау қаласының 53 жастағы тұрғыны аңқаулығынан барлық жинақтарынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әйелдің ұялы телефонына бейтаныс адам хабарласып, өзін банк қызметкерімін деп таныстырған. Сеніміне кірген алаяқ әйелден СМС хабарлама кодын алып, үш банктік шотындағы жалпы сомасы 10 млн-ға жуық жинақтарын жымқырған.

«Ұялы телефонына келген СМС-кодын алған алаяқ әйелдің барлық жинақтарын үш банктік шоттан өзінің картасына аударған. Осылайша, Хромтау қаласының тұрғыны 10 млн теңгеге жуық теңгесінен айырылған»,-деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT